• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

"Job Fair-2023"

2023-04-26 | News

Бүгін Шәкәрім университетінде бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейту мақсатында дәстүрлі  «Бос орындар жәрмеңкесі – 2023» өтті. Жәрмеңкеге  инженерлік-технологиялық бағытта 27-ден астам жұмыс беруші мекемелері бос жұмыс орындарын ұсынды. Олардың қатарында  «Семей курылыс материалдары» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС,  «ГидроСтройМонтаж» ЖШС, «Павлодарэнергопроект» ЖШС, «Теплокоммунэнерго» МКК, «Семей инжиниринг» АҚ кәсіпорны да болды. Бүгінде нарықта тамақ өнеркәсібіне технологтар, құрылыс және өндіріске техникалық мамандықтар инженерлер, механиктер және IT мамандары жоғары сұранысқа ие. «Теплокоммунэнерго» орталығына қазір энергетиктер, лаборанттар, жылу автоматикасының мамандары қажет болса, ал  «Павлодарэнергопроект» ЖШС мекемесіне жобалаушылар, ІТ мамандары қажет екен. Осы ретте 6В06104 «Есептеу техникасы және программалық қамсыздандыру», 6В07302 «Құрылыс», 6В06102 «Автоматтандыру және басқару», 6В07301 «Геодезия және картография» білім бағдарламалары бойынша, атап айтсақ Белоусов М., Кабдешев А., Дубаев К., Еслов Ернат, Калижаров Ердос, Канагатова Ботагоз және т.б. бітіруші түлектер өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

share