• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
7M06101 - Информатика
М094 Ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламаларының тобы 7М06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы кафедрасында іске асырылатын "7М06101-Информатика" білім беру бағдарламасы өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып әзірленген және білім беру процесін ұйымдастыруға арналған құжаттар жүйесі болып табылады. Онда инновациялық ойлау қабілеті бар, болашақ кәсіби қызметінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану саласында озық технологияларды меңгерген магистрлердің білім беру дайындығы мақсаттарының ерекшеліктері, атап айтқанда, ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялық қызметтер, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің кең класымен жұмыс істеу, компьютерлік жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету, жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату, сондай-ақ сондай-ақ бағдарламаларды, мәліметтер базасын, интернет-сайттарды және т. б. жобалау және құру. Білім беру бағдарламасының мазмұны пәндердің екі циклі: базалық пәндер циклы және бейіндеуші пәндер циклі, сондай-ақ оқытудың қосымша түрлері (практика, ғылыми-зерттеу жұмысы) көзделген модульдік форматта әзірленген оқу жоспары арқылы іске асырылады.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл.
Мақсаты
АТ саласында заманауи білімі бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, оның ішінде ұйымдастырушылық басқару міндеттері мен бизнес-процестерді жобалау, әзірлеу, сүйемелдеу, автоматтандыру.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    7М06101 Информатика білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    жоба жетекшісі, бөлім басшысы/бөлім бастығы, акт аудиторы, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ оқытушысы және ғылыми қызметкері
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    7
  • Кәсіби қызмет саласы
    Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет, ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялық қызметтер, компьютерлік жабдықты басқару жөніндегі қызмет, ғылыми-зерттеу және педагогикалық, ақпараттық технологиялар мен компьютерлік жүйелер саласындағы қызметтің басқа да түрлері
  • Кәсіби қызмет нысаны
    ғылыми-зерттеу орталықтары, жобалау және ғылыми-өндірістік ұйымдар, басқару органдары, білім беру мекемелері, өнеркәсіптік кәсіпорындар және өз қызметінде математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды пайдаланатын әртүрлі меншік нысанындағы басқа да ұйымдар.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    ғылыми-зерттеу және ғылыми-іздестіру, жобалау-конструкторлық, өндірістік-технологиялық, білім беру.
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
Социолингвистикалық және ғылыми-педагогикалық қызмет

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Білім беру және кәсіби қызметтегі дүниетанымдық, социолингвистикалық және философиялық мәселелерді шешу қабілетін көрсетеді. Жоғары педагогикалық білім беру мәселелерін және оны одан әрі дамыту перспективаларын шешу қабілетін көрсетеді. Мультимәдени топтарды басқарады, мотивацияға заманауи тәсілдерді қолданады, дағдарыс жағдайында коммуникацияларды жүзеге асырады, сапаны бақылау және жан-жақты басқару.

Бағдарламалық қамтамасыз ету жасау технологиялары

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең ғылыми білімді меңгерген

Кәсіпорындардағы ақпараттық технологиялар

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Бизнес-ортадағы өзгерістерді танып, кәсіпорынның стратегиялық даму бағытын анықтай алады.