Білім беру бағдарламалары
6B06107 - ІТ-журналистика
B057 Ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламаларының тобы 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
"6B06107 – IT-журналистика" білім беру бағдарламасы "Шәкәрім Университеті" КеАҚ, «Жасанды интеллект және құрылыс жоғары мектебі», "IT технологиялар" кафедрасында жүзеге асырылады. Бағдарлама кафедраның тәжірибелі профессорлық-оқытушылар құрамы мен БАҚ редакторлары, цифрлық медиа сарапшылары және IT-жобалар жетекшілерінен тұратын салалық мамандардың қатысуымен әзірленген. Бұл бағдарлама қазіргі заманғы медиасала мен ақпараттық технологиялар тоғысында кәсіби IT-журналист мамандарын даярлауға бағытталған. Білім алушылар мәтіндік, визуалды, аудио және деректер негізіндегі контенттерді кәсіби деңгейде әзірлей алады, сонымен қатар цифрлық медиа кеңістігінде тиімді жұмыс істей алады. Бағдарлама дәстүрлі журналистика негіздерін веб-технологиялар, деректерді визуалдау, мультимедиялық контент жасау және әлеуметтік медиа аналитикасы сияқты салалармен үйлестіреді. Оқыту процесінде дәрістер, шеберлік сабақтары, практикалық жобалар, медиа студияларда жұмыс және кейс-талдаулар қарастырылады. Студенттердің жетістіктері креативті жобалар, репортаждар, инфографикалар, бейнебаяндар, емтихандар және портфолио арқылы бағаланады. Кәсіби қызметтің негізгі бағыттары: цифрлық редакциялар, жаңалықтар агенттіктері, медиа-аналитикалық орталықтар, PR және SMM бөлімдері, IT-компаниялар мен стартаптар. Түлектерге келесі дағдылар тән: - Заманауи журналистиканың стандарттары мен жанрларын меңгеру; - Ақпаратты өңдеу, визуалдау және жариялау (графика, инфографика, анимация); - HTML, CSS, CMS және басқа веб-технологияларды қолдану; - Журналистік зерттеу және фактчекинг жүргізу; - Видеомонтаж, подкастинг және цифрлық әңгімелеу; - Деректер журналистикасы; - Әлеуметтік медиа платформаларында кәсіби жұмыс; - Командалық және кросс-функционалды ортада жұмыс істеу; - Ақпараттық қауіпсіздік пен медиаэтика негіздерін сақтау; - Жаңа технологиялармен (AR/VR, жасанды интеллект, big data) танысу және бейімделу. - Бағдарлама студенттерді ақпараттық қоғамдағы сұранысқа сай, медиа және IT салаларында бәсекеге қабілетті, әмбебап мамандар ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаудың негізгі критерийі студенттің оқу қызметінің барлық түрлерін қоса алғанда, білім алушының бүкіл оқу кезеңінде кемінде 240 академиялық кредитті игеруі болып табылады.
4 жыл
Мақсаты
Цифрлық журналистика саласында ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу, деректерді талдау, мультимедиялық контентті жасау және өңдеу, сондай-ақ заманауи медиа құралдарын тиімді пайдалану дағдыларына ие жоғары білікті мамандарды даярлау.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    6B06107 «IT-журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    - Мультимедиялық басылымдармен жұмыс жөніндегі кеңесші - Бағдарлама жүргізушісі - Бұлттық технологиялар әкімшісі - Бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу маманы - Қолданбалы бағдарламалар бағдарламашысы - Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаушы - Цифрлық контент-менеджер - Мультимедиа журналист - SMM-менеджер - Data-журналист - Видеожурналист / видеоредактор - Медиажоба менеджері - Фактчекер - Цифрлық коммуникация маманы - Медиапродюсер
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6
  • Кәсіби қызмет саласы
    Цифрлық ортада медиаконтентті жасау және тарату; мәтіндік, аудиовизуалды және мультимедиалық форматтармен жұмыс істеу; цифрлық құралдарды қолдана отырып журналистік зерттеулер жүргізу; деректерді визуализациялау және талдау (data journalism); веб және мультимедиалық жобаларды әзірлеу және жүргізу; әлеуметтік медианы басқару (SMM) және цифрлық платформалармен жұмыс; видеомонтаж, подкаст жасау, цифрлық әңгімелеу (digital storytelling); медиа саласында web-технологиялар мен CMS жүйелерін қолдану; фактчек жасау, ақпараттық қауіпсіздік пен медиаэтиканы сақтау; медиажобаларды басқару: цифрлық контентті (IT-шолулар, аналитикалық материалдар, интерактивті жарияланымдар) жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру.
  • Кәсіби қызмет нысаны
    1.Бұқаралық ақпарат құралдары(БАҚ) ұйымдары: телерадиокомпаниялар, жаңалық агенттіктері, баспа және онлайн-медиа редакциялары. 2. Цифрлық платформалар: видеохостингтер, подкаст сервистер, жаңа медиа жобалар. 3. PR және SMM агенттіктері: брендтер мен жобаларды цифрлық ортада ілгерілететін ұйымдар. 4. Аналитикалық орталықтар: медиа-контентті сараптау, фактчекинг және аудиторияны зерттеу орындары. 5. IT-компаниялар мен стартаптар: деректермен жұмыс, визуализация және мультимедиа интеграциясы бар жобалар. 6. Білім беру ұйымдары: медиасауаттылық пен цифрлық журналистика бағытында оқытатын оқу орындары. 7. Халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ): ақпарат еркіндігі, медиабілім, зерттеу журналистикасымен айналысатын құрылымдар. 8. Фриланс және авторлық жобалар: дербес медиаконтент жасау — подкаст, видеожурналистика, блогинг, медиа бренд.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    - Сандық медиа контентін жасау және редакциялау (мәтіндер, видео, аудио, инфографика) - Журналистік зерттеулер үшін деректерді талдау және визуализациялау - Медиа ұйымдарына арналған мультимедиялық және веб-платформаларды әзірлеу және қолдау -IT құралдарын пайдалана отырып, фактчекинг және медиа мониторинг жүргізу - Сандық медиа жобаларын және контент стратегияларын басқару - Әлеуметтік медиа басқару және SMM арқылы жарнамалау - Журналистикада жасанды интеллект пен Big Data технологияларын қолдану - Мультимедиялық трансляциялар мен подкасттарды өткізу - Цифрлық журналистика және медиаграмоттылық бойынша білім беру және ағарту жұмыстары - Ақпараттық кеңістікті зерттеу және талдау
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
1 модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.

2 модуль. Цифрлық журналистика және мультимедиа

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Цифрлық медианың жұмыс принциптері мен контент форматтарын түсінеді, цифрлық құралдар арқылы журналистік материалдар жасай және өңдей алады. Сторителлинг, видеомонтаж, подкастинг, визуалдау дағдыларын меңгеріп, медиаплатформаларға бейімделген контент ұсынады. Медиаэтика, авторлық құқық, фактчекинг талаптарын сақтап, командада және редакцияда тиімді жұмыс істей алады.

3 модуль. Медиа саласындағы бағдарламалау және технологиялар

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Бағдарламалау негіздері мен медиаға қолдануын меңгереді; HTML, CSS арқылы цифрлық контент жасайды және форматтайды; CMS пен веб-платформаларда материалдар жариялайды; JavaScript көмегімен интерактивті контент әзірлейді; деректерді жинау, өңдеу және визуалдау дағдыларын қолданады; сондай-ақ автоматтандыру, жасанды интеллект және аналитикалық жүйелер сияқты жаңа медиа технологияларымен танысады.

4 модуль. Журналистика және жаңа медиа

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Жаңа медиа журналистиканың қоғамға әсерін түсінеді; әлеуметтік желілер, блогтар және альтернативті платформалардың қоғамдық пікірге ықпалын талдайды; жаңа медиа форматтарына сай контент жасауды меңгереді; этикалық және құқықтық мәселелерді зерттейді; интерактивті әрі қатысушы медианың оқиға айту әдістерін қолданады; аудиторияның белсенділігі мен кері байланысын бағалай алады.