Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
3,5 жыл
-
Берілетін дәреже / біліктілік6B07301 - Геодезия және картография білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі-инженер-геодезист, - геодезист көмекшісі, -картограф, -жобалық ұйымдардың басқарушы, ғылыми-техникалық жұмысшылар, жалпы ғылыми зерттеуші, құрылымдаушы лауазымдары
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейіСБШ және ҰБШ бойынша 6 біліктілік деңгейі
-
Кәсіби қызмет саласы- экономиканың барлық салалары; - жер ресурстарын басқару комитеті; - мемлекеттік басқару және жер қатынастары бөлімдері; - әскери-өнеркәсіптік кешен; - азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс; - геодезиялық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындар; - геодезиялық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар жеке кәсіпорындар.
-
Кәсіби қызмет нысаны- Жер беті; мемлекеттік геодезиялық және арнайы мақсаттағы желілер; ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс алаңдары; - азаматтық, тұрғын үй, көлік, гидротехникалық ғимараттар мен құрылыстар; - пайдалы қазбалардың кен орындары; жер учаскелері; - табиғи және табиғи-антропогендік жүйелер.
-
Кәсіби қызмет түрлеріҰйымдастыру және басқару қызметі; Өндірістік-технологиялық қызмет; Есеп айырысу және жобалау жұмыстары; Ғылыми-зерттеу жұмыстары; Білім беру қызметі
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Зерттеу объектісі туралы алынған ақпаратты жаратылыстану ғылыми пәндер әдістерімен өңдеу
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Жергілікті жерде әртүрлі міндеттерді шешу кезінде картография және геодезия негіздерін пайдалану. Жергілікті жердің жоспарлары мен карталарын дәстүрлі және заманауи әдістермен құру қабілеттерін көрсету.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Геодезиялық мәліметтерді өңдеу, өлшеу нәтижелерін талдау, географиялық ақпараттық жүйелерді әзірлеу және қолдану, сондай-ақ геодезиялық өндірістік процестерді оңтайландыру және жетілдіру әдістері мен құралдары саласында қажетті дағдылар мен біліктілікті көрсету.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Сапаны қамтамасыз ету, жердің сандық моделін бақылау үшін Жер мониторингі кезінде алынған картографиялық ақпаратты өңдеу және талдау. Кадастрлық түсірістердің түсіру негіздемесін құруға және рельефті қалыптастыру процестерін бағалауға байланысты геодезиялық жұмыстарды орындау, геодезиялық мәліметтерді талдау, өңдеу және рельефтің сипаттамаларын бағалауды орындау
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Ғимараттар мен имараттарды жобалау, салу және пайдалану кезіндегі инженерлік-геодезиялық жұмыстардың максималды тиімділігі мен қажетті сапасын қамтамасыз етуге бағытталған геодезиялық есептерді шешу. Типтік құрылыс мәселелерін шешумен байланысты геодезиялық өлшеулер жүргізу
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Геодезия саласында табысты жұмыс істеу үшін қажетті академиялық жазу дағдыларын дамыту, нормативтік-техникалық құжаттамамен жұмыс істей білу, геодезиялық өндірістің экономикалық және басқару аспектілерін түсіну сияқты кәсіби дағдылардың кешенді жиынын көрсету.