Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл
-
Берілетін дәреже / біліктілік«6В07302 Құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміАудан шебері, инженер, инженер-конструктор, сапа жөніндегі инженер, құрылысты қадағалау жөніндегі инженер, ТҚжЕҚ жөніндегі инженер, жөндеу жөніндегі инженер, инженер технолог, құрылыс зертханасының инженері, шеберхана бастығы (меңгерушісі), өндірістік зертхана бастығы, кадрлар бөлімінің бастығы, күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы, өндірістік бөлімнің бастығы, техникалық бөлімнің бастығы, жөндеу цехының бастығы, ауысым бастығы, жұмыс өндіруші (прораб), инженер-жобалаушы, ғимараттар мен құрылыстардың сәулетшісі, инженер-құрылысшы, инженер-сметашы
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейіСБШ және ҰБШ бойынша 6 біліктілік деңгейі
-
Кәсіби қызмет саласыБілім беру бағдарламасын бітірушінің кәсіби қызмет саласы құрылыс, жобалау және өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс ғимараттары мен имараттарын есептеу, құрылыс өндірісі саласындағы бақылау болып табылады
-
Кәсіби қызмет нысаныБілім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері құрылыс-монтаждау басқармалары мен ұйымдары, құрылыс бұйымдарын өндіру зауыттары, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары, құрылыс техникасы мен жабдықтарын пайдалану және жөндеу кәсіпорындары, құрылыс бойынша акционерлік бірлестіктер болып табылады.
-
Кәсіби қызмет түрлері«6В07302 Құрылыс» білім беру бағдарламасының түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады: Өндірістік-басқару қызметі: - ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды салу, пайдалану және қайта құру бойынша құрылыс машиналарын, механикалық, электр жабдықтарын мен автоматтандыру құралдарын пайдалану және жөндеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын ұжымдарды басқару; Жобалау-конструкторлық қызметі: - ғимараттар мен имараттарды, инженерлік жүйелерді, механикалық және электр жабдықтарын мен механикаландыру құралдарын салу және қайта жаңарту бойынша жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындау; Ұйымдастыру-технологиялық қызметі: - құрылыс, муниципалдық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру; Ғылыми-педагогикалық қызмет: - ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу және жалпы білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызмет жүргізу.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жағдайын сынау және диагностикалау негізінде бағалау. Ғимараттарды қайта жаңарту және техникалық пайдалану технологияларын жоспарлау және негіздеу.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Математика мен физиканың негізгі заңдары мен қағидаларын түсіндіру, жаратылыстану-ғылыми модельдер мен формулаларды интерпретациялау. Кәсіби және күнделікті тәжірибеде типтік есептерді шешу және үдерістерді талдау үшін сандық және аналитикалық әдістерді қолдану.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Сәулет-құрылыс қызметінің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау. Нысандарды салу және ұйымдастыру үдерістерін түсіну үшін құрылыс саласындағы базалық білімді қолдану.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Ғимараттардың инженерлік жүйелерінің (су құбыры, кәріз, жылыту және желдету) жұмыс істеу принциптерін талдау. Техникалық талаптар мен пайдалану тиімділігін ескере отырып, инженерлік шешімдерді негіздеу.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Тірек құрылымдарды талдау үшін инженерлік механиканың негіздерін қолдану. Тұрақтылық пен энергия үнемділік талаптарын ескере отырып, тас, темірбетон және металл конструкцияларын есептеу және негіздеу.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Құрылыс алаңдарындағы топырақтардың қасиеттері мен геотехникалық жағдайларын талдау. Инженерлік-геологиялық деректерге сүйене отырып, іргетас пен негіздердің түрлерін таңдауды негіздеу. Инженерлік геодезия мен аумақты абаттандыруда заманауи әдістер мен цифрлық технологияларды қолдану.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Ғимараттарды жобалауда BIM және smart технологияларын қолдана отырып, компьютерлік модельдеу мен автоматтандырылған жобалау әдістерін меңгеру. Құрылыс жобаларын басқару мен жоспарлауда цифрлық құралдарды пайдалану.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Құрылыс жұмыстары кезінде нормативтік-техникалық құжаттаманы және бақылау үдерістерін талдау. Құрылыс саласындағы экономикалық көрсеткіштерді, нормалар мен бағаларды бағалау және жобалау-сметалық қызметті тиімді жүргізу.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Арнайы және биік конструкцияларды ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу технологияларын зерттеу. Сейсмикалық белсенді аудандарда жобалау мен құрылыс ерекшеліктерін бағалау.