• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
7M07104 - Машина жасау
М103 Механика және металл өңдеу білім беру бағдарламаларының тобы 7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
ББ 7М07104 "Машина жасау" негізгі білім беру бағдарламасының міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Әрбір пәннің (курстың) бағдарламасы нақты маманды даярлаудың бірыңғай мақсатты қондырғысын орындауға бағытталған және базалық оқу-әдістемелік құжат болып табылады.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл.
Мақсаты
Интеллектуалды меншікті қорғау және техникалық құжаттарды жетілдіру мәселелерін қамтитын бұйымның өзіндік жолын жобалау кезіндегі инженерлік шешімдерді кіргізу және тәжірибелік икемділігін түрлендіру үшін мамандарды дайындау.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    7М07104- Машина жасау білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    жоғары оқу орнындағы оқытушы, зертхана меңгерушісі, технолог, әртүрлі меншік нысанындағы тамақ кәсіпорындарының шебері, өндірістік зертхананың техник-технологы, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарындағы маман (зертханашы); басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талап қоймастан стандарттау және сертификаттау орталықтарындағы маман.
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    7
  • Кәсіби қызмет саласы
    әскери-өнеркәсіптік кешенді, машина жасау өндірісін, әскери-өнеркәсіптік, индустрияны, көлік пен байланысты, ауыл және коммуналдық шаруашылықты, білім беру мен тұтынуды қоса алғанда, барлық салалар.
  • Кәсіби қызмет нысаны
    басқару органдары, кәсіпорындар, индустрияны, ауыл және коммуналдық шаруашылықты, әскери-өнеркәсіптік кешенді, өндіріс және тұтыну салаларын қоса алғанда, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдар. басқару органдары, кәсіпорындар, индустрияны, ауыл және коммуналдық шаруашылықты, әскери-өнеркәсіптік кешенді, өндіріс және тұтыну салаларын қоса алғанда, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдар.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    "Машина жасау" ББ бойынша түлектер келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: - өндірістік-технологиялық; - ұйымдастырушылық-басқарушылық; - ғылыми-зерттеу және педагогикалық; - жобалау-конструкторлық; - сараптама; жобалық.