• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
6B11303 - Логистика және тасымалдауды ұйымдастыру
B095 Көлік қызметтері білім беру бағдарламаларының тобы 6B11 Қызмет көрсету білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
2022 жыл - 11 орын 2023 жыл - 14 орын Білім беру бағдарламасы Еуропалық Одақтың "GeKaVoc - Қазақстандағы логистика, мехатроника және орнықты энергиямен жабдықтау жөніндегі дуальді білім беру бағдарламаларының трансфері" және білім беру бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын KazDual – "Қазақстанда дуальді жүйені енгізу" бағдарламаларының қолдауымен әзірленді.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл
Мақсаты
Логистика және тасымалдауды ұйымдастыру саласында кәсіби құзыреттілікке ие жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    Білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр «6В11303 Логистика және тасымалдауды ұйымдастыру»
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    1. Жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі Инженер 2. Жеткізу тізбегінде жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі Инженер 3. Ақпараттық логист 4. Логист 5. Логистика жөніндегі Менеджер 6. Өндірістік логистика жөніндегі Менеджер 7. Қойма менеджері 8. Жабдықтау жөніндегі Менеджер 9. Кедендік ресімдеу және сертификаттау жөніндегі Менеджер 10. Көлік менеджері 11. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты Менеджер 12. Логистика бөлімінің бастығы 13. Жолаушылар тасымалы қызметінің бастығы 14. Көлік қызметінің бастығы 15. Көлік-экспедиция агенттігінің бастығы 16. Тасымалдауды ұйымдастыру және оның шарттары бөлімінің бастығы 17. Логистика бөлімінің басшысы 18. Көліктегі логистика жөніндегі маман 19. Мультимодальды тасымалдау бойынша маман 20. Жолаушылар көлігі инфрақұрылымын дамыту жөніндегі маман 21. Көлік-логистика орталығының басқарушысы
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6
  • Кәсіби қызмет саласы
    1. Материалдық және материалдық емес ағындар мен ресурстардың қозғалысын және орналастырылуын жоспарлау, ұйымдастыру, орындау және бақылау; 2. Логистикалық жүйелер мен технологияларды жобалау, оңтайландыру, дамыту; 3. Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару; 4. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау; 5. Көліктегі бақылау және қауіпсіздік; 6. Қойма қызметін ұйымдастыру; 7. Жүк жөнелтушілер мен көлік жүк алушыларына көліктік қызмет көрсету бойынша қызметтер кешенін орындау.
  • Кәсіби қызмет нысаны
    1. Консалтингтік фирмалар 2. Логистикалық орталықтар 3. Халықаралық корпорациялар 4. Өндірістік кәсіпорындар 5. Кеден органдары мен терминалдар 6. Сауда кәсіпорындары 7. Көлік компаниялары мен тораптар 8. Экспедиторлық компаниялар
  • Кәсіби қызмет түрлері
    - қызмет көрсету және пайдалану; - өндіріс пен технология; - ұйымдастырушылық және басқарушы
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
1 модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Бұл модуль әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білім, коммуникативтік іскерліктер, қоғам дамуының қазіргі заманғы үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану аспектілерді ашады.

2 модуль. Көліктегі ақпараттық технологиялар

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль көлік кешеніндегі басқару процестерін оңтайландыру құралы ретінде заманауи ақпараттық технологияларды зерттеуге бағытталған

3 модуль. Логистикадағы математикалық әдістер мен модельдер

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль математикалық әдістер мен модельдерді, логистикалық және экономикалық процестерді оңтайландыру әдістерін зерттеуге бағытталған

4 модуль. Логист мамандығына кіріспе

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль көлік, оның құрылымы, сипаттамалары мен көрсеткіштері, ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары туралы бастапқы мәліметтерді зерттеуге бағытталған.

5 модуль. Тасымалдауды ұйымдастыру және басқару

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль тасымалдауды ұйымдастыру, басқару және көлік түрлерінің өзара іс-қимыл негіздерін зерделеуге бағытталған

6 модуль. Тасымалдаудағы жаңа технологиялар

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль тасымалдау процесінде жаңа технологияларды зерттеуге бағытталған

7 модуль. Жылжымалы құрамды пайдалану

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Жылжымалы құрамды тиімді пайдалануды ескере отырып, тасымалдау процесіне қызмет көрсету және көлікті пайдалану жөнінде шешімдер қабылдау

8 модуль. Көлік саласындағы қызметтер

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль жүк пен жолаушыларды тасымалдау ережелерін, сондай-ақ көлік саласындағы қызметтерді зерттеуге бағытталған.

9 модуль. Логистикадағы менеджмент

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль сатып алу логистикасын, өндірістік және қойма логистикасын, мультимодальды тасымалдаудың негізгі мәселелерін, жобалық менеджментті және логистика саласындағы инновацияларды енгізуді қоса алғанда, ішкі нарықта және халықаралық жағдайларда жүктерді бөлу және жеткізу процестерін зерделеуге бағытталған.