Білім беру бағдарламалары
6B07108 - Машина жасаудағы цифрлық технологиялар
B064 Механика және металл өңдеу білім беру бағдарламаларының тобы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары білім беру саласына кіреді.
Кіріспе
6В07108 «Машина жасау» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы Жасанды интеллект және құрылыс жоғары мектебінің, «Машина жасаудағы цифрлық технологиялар және логистика» кафедрасында жүзеге асырылады. Шәкәрім университетінің білім беру бағдарламасы аймақтық еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Абай облысы Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады, онда машина жасау өндірісінің барлық салалары, соның ішінде әскери-өнеркәсіп, көлік және байланыс, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық салалары бар. Аймақта мынадай кәсіпорындар жұмыс істейді: «Семей машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы, «Семей Инжиниринг» инженерлік акционерлік қоғамы, «СемАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «КазНИИППП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ПКФ Семей Сталь сервис» серіктестігі, «СЕЙВУР ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Казэлектромаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Daewoo Bus Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "ПК "Цементный завод Семей" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «АЗИЯ АВТО» акционерлік қоғамы, «Казцинкмаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Аталған кәсіпорындарға ғылым мен техника саласында, соның ішінде жаңа материалдар мен технологияларды, приборлар мен құрылғыларды зерттеуге, жасауға және пайдалануға байланысты қажетті құралдар мен іс қимылдың әдіс-тәсілдерін меңгерген кәсіби құзыреттілікке ие мамандар қажет.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
3 жыл
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
3 жыл
Мақсаты
Машиналарды жобалау мен өндіруде заманауи цифрлық технологияларды сәтті қолдана алатын, өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тез бейімделе алатын, сондай-ақ өндірісті жобалау, конструкторлық және есептік-технологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін мамандарды дайындау және де жеке тұлғаның жан-жақты кәсіби және интеллектуалдық дамуына қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
-
Берілетін дәреже / біліктілік6В07107«Машина жасаудағы цифрлық технологиялар» білім бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміa) Жетекшілер лауазымы: Өндіріс меңгерушісі; Цех (участок) басшысы; Участок мастері; Өндірістік бөлім басшысы; Ауысым басшысы; Жұмыс өндіруші. b) Мамандар лауазымы: Диспетчер, Инженер, Инженер-конструктор (конструктор), Инженер-лаборант, Аспаптар бойынша инженер, Өндірісті әзірлеу бойынша инженер, Инженер-технолог (технолог), Лаборант, Кәсіби кеңесші. c) Басқа қызметтер лауазымы (техникалық атқарушылар): Кодификатор. d) Ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалау және іздеу ұйымдарына арналған үшін ортақ ғылыми, ғылыми және техникалық қызметкерлер лауазымы: Инженер, Лаборант. e) Конструкторлық, технологиялық, жобалау және іздеу ұйымдарының жетекшілері мен техникалық қызметкерлерінің лауазымдары: Инженер-жобалаушы. Кері дизайн инженері (кері инженер), Виртуалды прототиптеу бойынша маман, цифрлық инженер-конструктор.
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі6-деңгей
-
Кәсіби қызмет саласымашина жасау өндірісі, әскери-өнеркәсiптік индустрия, көлiк және коммуникация, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылықпен бірге өнеркәсiптiк өндiрiстiң барлық салалары; құрамында механикалық-жөндеу қызметтерін көрсететiн кәсiпорындар; техникалық білімді қажет ететін өнiмдердi әзiрлеу, өндiру немесе өткiзу жөнiндегi кәсiпорындар, білім беру мен тұтынушыларға қызмет көрсету салалары
-
Кәсіби қызмет нысаныбасқару органдары, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік емес меншік жеке ұйымдар, соның ішінде өндіріс, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық, әскери-өнеркәсіптік кешен, өндіру мен тұтыну саласы
-
Кәсіби қызмет түрлеріұйымдастыру-басқару – машина жасау өндірісін басқарудың әртүрлі деңгейлерінде ұйымдастыру, қажетті құжаттарды рәсімдеу; өндірістік-технологиялық – кәсіпорынның технологиялық қызметін іске асыру, яғни технологиялық процеске сәйкес өнім өндіруді қамтамасыз ету; жобалық-конструкторлық – машина жасау өндірісіне арналған конструкцияларды және машина жасау өндірісінің технологиялық жабдықталуын жобалау; ғылыми-зерттеу – ұйымдастыру жолымен іске асырылып және тікелей орындалауды қажет ететін машина жасау өндірісіне қатысты ғылыми зерттеулерді іске асыру, сондай-ақ басқа да кәсіпорындардың ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға арналған қажетті жобалау құжаттамаларын әзірлеу; эксплуатациялық – машина жасау өндірісінің өнімдерін дұрыс пайдалануға арналған қажетті конструкциялық құжаттамаларды әзірлеу. Мүдделілік білдірген жұмыс берушілердің сұранысы бойынша «Машина жасаудағы цифрлық технологиялар » мамандығы бойынша бакалавр әртүрлі қызмет түрлеріне дайындалады, бірақ негізгі бағыты өндірістік-технологиялық және эксплуатациялық қызмет болып табылады.