news

Қытайдан келген профессор «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасында қонақ дәріс өткізді

2026-06-30 | Ғылым

2026 жылғы 30 маусымда Шәкәрім университетінің «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасында NWAFU университетінің профессоры Chen Yu қонақ дәріс өткізді. Дәріс барысында жоғары клиренсті өздігінен жүретін бүріккіштің шасси тұрақтылығын басқару мәселелері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасында интеллектуалды технологиялар мен жабдықтарды қолданудың заманауи тәсілдері қарастырылды.

Аталған іс-шара халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ автоматтандыру, интеллектуалды жүйелер және заманауи инженерлік технологиялар саласында ғылыми-практикалық тәжірибе алмасуға ықпал етті.

Бөлісу