ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҚ: SHAKARIM POSTER EVENT-2023
Бүгін Шәкәрім университетінде Ғылым апталығы аясында дәстүрге айналған «Shakarim poster event-2023» магистранттар мен докторанттардың постерлік баяндамалар байқауы ұйымдастырылды. Биылғы байқаудың ерекшелігі – техникалық және ауылшаруашылық ғылымдар мен жаратылыстану, экономика және гуманитарлық ғылымдар бағытында өткізілуі.
ААТжҚ кафедрасының МИФ-101 тобының магистранты Владислав Шумкин «Университеттің автоматика және ақпараттық технологиялар кафедрасының білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін электрондық онлайн курстардың моделі мен бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу» тақырыбында жоба әзірледі.
Бұл тақырып өзекті және қызықты, өйткені заманауи технологиялар білім берудің ажырамас бөлігіне айналды. Электрондық курстар өздеріне ыңғайлы уақытта білім алғысы келетін студенттер арасында танымал бола бастады. Мен курстардың құрылымын әзірледім және оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдадым, бағдарламалық жасақтама үшін қажетті функционалдылықты анықтадым, сонымен қатар дизайн мен пайдаланушы интерфейсін жасадым. Нәтижесінде онлайн курстарға арналған портал әзірленді, - деп атап өтті Владислав. Университетімізде аталып жатқан бұл шара кафедрамыздың білім алушыларының топ жарып қазіргі қоғамға қажетті жобаларын ұсынып, жаңа қырларынан танытты. Және сертификатпен марапатталды.