• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Шетелдік ғалымның онлайн дәрісі

2023-02-21 | Ғылым

2023 жылдың 21 ақпанда сағат 16.40-та "Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы" кафедрасының "Информатика", "Автоматтандыру және басқару" мамандықтарының магистранттары, докторанттары үшін "Earlier and current trend in Big data technology" тақырыбында шетелдік ғалым Govindaraj Thangaraj Bakyaraj онлайн дәрісі өтті. 
Bakyaraj профессоры Big Data технологиясындағы өткен және ағымдағы трендтер, Big data, Data Science үшін пайдаланылатын негізгі қосымшалар туралы айтып берді. Магистранттар мен докторанттар профессордың дәрісін қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, осы мәселе бойынша пікір алмасты.

Бөлісу