• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

6В07301 – ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ТАЛҚЫЛАУЫ

2019-03-12 | Жаңалықтар

Жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейтудің маңызды тетігі жыл сайын білім беру бағдарламаларын жаңарту және әзірлеу болып табылады. 12.03.2019 ж. Геодезия және құрылыс кафедра студенттермен бірлесіп 2020 жылға арналған 6В07301 – Геодезия және картография білім беру бағдарламасын талқылауды ұйымдастырды. Қатысушылар ББ-ны практика базаларымен қамтамасыз етуін айтты. Студенттердің ұсыныстары назарға алынды. "Ғимараттарды жобалаудағы BIM-технологияларды" қоса алғанда, жаңа пәндерді енгізу қажеттілігі күшейе түсуде, өйткені қазіргі заманғы маман еңбек нарығының талаптарына сай болуы қажет.

Бөлісу