• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

6В07301 – ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ТАЛҚЫЛАУЫ

2022-03-28 | Жаңалықтар

2022 жылғы 28 наурызда Геодезия және құрылыс кафедрасында 2022 жылға арналған "6В07301 Геодезия және картография" білім беру бағдарламасы талқыланды. Геодезия және картография бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және өзгерту қажеттілігі осы саладағы технологиялардың қарқынды дамуына байланысты. Заманауи әдістер мен құралдарды енгізу түлектерге еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға және геоақпараттық жүйелер саласындағы күрделі міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді.  Айта кетерлігі, студенттер отырысқа белсенді қатысып, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен қаралған және мақұлданған құнды ұсыныстар енгізді.

Бөлісу