
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
2024-04-30 | Ғылым
2024 жылдың 29 сәуірінде Алматы энергетика және байланыс университетінде “6B07104 - Автоматтандыру және басқару” білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық олимпиада өтті.
Шәкәрім университетінің АУ-001 тобының 4 курс студенттері Масалимов Асет, Алдаберген Елдар, Советов Ернур қатысты.
Ғылыми жетекшісі - ААТҚҚ кафедрасының қауымдастырылған профессоры Оспанов Е. А.
Біздің студенттер 3 командалық орынға ие болды және Масалимов Асет III дәрежелі диплом алды!
Жетістікке жеткен студенттерімізді құттықтаймыз!