«SHAKARIM HIGH SCHOOL» МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
2024 жылдың 26 қаңтарында орта мектептің 10-сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру мақсатында «Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы» кафедрасының зертханалары мен аудиторияларына экскурсия өткізілді.
Оқушыларды кафедраның таңдалған пәндер – физика-математика, математика және информатика бойынша оқу бағдарламаларымен таныстырылды.
«Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы» кафедрасының қазіргі білім беру бағдарламалары:
6В07104 - «Автоматтандыру және басқару»
6В06106 - «SMART жүйелер және бағдарламалау»
6В06105 - «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету / Smart Computing»
6В07301 - «Геодезия және картография»
6В07302 - «Құрылыс»
«Shakarim High school» мектебінің 10-11 сынып оқушылары факультеттің белсенді студенттерімен кездесіп, олардың студенттік өмірлерімен танысты.