• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Оқытушылар оқу процесінде Тим Кредо Геодезия және Топография бағдарламасын қолдануды игеруде

2024-02-03 | Жаңалықтар

Автоматтандыру, Ақпараттық жүйелер және қала құрылысы" кафедрасында 16.01-02.02.2024 ж. аралығында кафедраның ПОҚ үшін онлайн режимінде "Тим Кредо Геодезия және Топография" бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтті. Курстың мақсаты - Кредо бағдарламалық кешенін одан әрі кәсіби қызметте қолдана отырып зерттеу. Курс геологиялық, геодезиялық, картографиялық және басқа да міндеттерді шешу үшін Кредоның нақты функциялары мен әлеуетті мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған. Курс соңында, курсқа қатысушыларға сертификаттар берілді, сондай-ақ оқытушылардың алған білімдері оқу бағдарламасына "Қолданбалы геодезия" силлабусына енгізілді.

Бөлісу