
ГК-007 ТОБЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУІ
2024-05-06 | Жаңалықтар
“Геодезия және картография” мамандығының ГК-007 тобының студенттері 15.01.24 - 28.04.24 ж. әр түрлі кәсіпорындарда өндірістік іс-тәжірибеден өтті, оның ішінде: ЖШС “Семстройпроект Жобалау-Іздестіру Институты”, ЖШС “ВК-Регион Строй”, ЖШС “КалбаГеоПроект”. Өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында ГК-007 тобының студенттері әртүрлі геодезиялық құрылғылармен, монолитті-бетонды құрылыс кезіндегі атқарушы түсіріс жұмыстарымен, дешифрлеу жұмыстарымен, Ертіс өзенін георадиолокациондық зондтау және де темірбетон құрылысының жобалық схемалармен танысты. Өндірістік іс-тәжірибеден өту қорытындысы бойынша ГК-007 тобының студенттері университетте алған білімдерін тереңдетіп, жақсы жұмыс тәжірибесін алды.