• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ: SHAKARIM POSTER EVENT-2023 КАФЕДРАМЫЗДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

2023-04-12 | Ғылым

Бүгін Шәкәрім университетінде Ғылым апталығы аясында дәстүрге айналған «Shakarim poster event-2023» магистранттар мен докторанттардың постерлік баяндамалар байқауы өтті. Биылғы байқаудың ерекшелігі – техникалық және ауылшаруашылық ғылымдар мен жаратылыстану, экономика және гуманитарлық ғылымдар бағытында өткізілуі.

Байқау магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметінің инновациялық жетістіктерін көрсету, ғылым мен білімнің интеграцисын дамыту, ЖОО кейінгі білім берудің білім алушыларын шығармашылық-ғылыми қызметке ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Тәуелсіз қазылар алқасы ұсынылған постерлік баяндамаларды баяндама дизайны, қорғау деңгейі, тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, ғылыми және практикалық маңыздылығы критерийлері бойынша бағалады.

"Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы" кафедрасының магистранты Бахытгуль Копабаева " Жоғары оқу орнының негізгі жарияланымдық көрсеткіштерін есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеу "тақырыбында жоба дайындады.

Жас ғалымдарды қолдау – университеттің басым бағыттарының бірі. Сондықтан биылғы жылы байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табыс етіліп, Ғылыми кеңестің шешімі бойынша арнайы «Шәкәрім стипендиясы» беріледі. Байқау нәтижесі 14 сәуірде белгілі болады.

Бөлісу