• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

«Абайдың толық адам ілімі: цифрлық және технологиялық ілгерілік» атты ғылыми-танымдық тренинг

2025-02-05 | Жаңалықтар

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абайдың толық адам ілімі: цифрлық және технологиялық ілгерілік» атты ғылыми-танымдық тренинг өткізілді. Мақсаты – Абайдың «толық адам» ілімін заманауи цифрлық дәуір мен технологиялық даму аясында қарастырып, оның адамгершілік қағидаларын IT және жасанды интеллект мүмкіндіктерімен ұштастыру.
Кеш қонақтары М.Әуезов колледжінің оқытушысы мен бірқатар студенттері өз алғыстарын білдіріп, тренингтің соңында белсенді студенттер Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, Поэзиялық минутпен аяқталды. Бұл – Абай мұрасының тек өткен шақта емес, қазіргі уақытта да өзектілігін сақтап келе жатқанын көрсеткен ерекше сәт болды.
“Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек!” – деп, Абай кемел адам болудың формуласын айқындап берген.
Бүгінгі цифрлық дәуірде адамзат ғылым мен технологияның шарықтау шегіне жетіп жатса да, рухани құндылықтар мен адамгершіліктің маңызын ұмытпауы тиіс. Абайдың “Толық адам” ілімі – осы екі ұғымды үйлестірудің бірден-бір жолы.
Қазіргі технологиялық даму дәуірінде Абайдың “Толық адам” ілімі жасанды интеллект пен цифрлық трансформациямен үйлесім таба ала ма? Бүгінгі өткен тренинг осы сұраққа жауап берді. Технология дамыған сайын, адамгершілік пен руханиятты жоғалтпау – қазіргі ұрпақтың басты міндеті.
Ұлы Абайдың мұрасы – мәңгілік!

Бөлісу