
"Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары» кураторлық сағат
Жасанды интелект және құрылыс жоғары мектебінің «IT технология» кафедрасы студенттері үшін «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Мақсаты: Shakarim University білім алушылары арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған киберқылмысқа, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтыққа қарсы күрес туралы бағдарламасын орындау мақсатында жеке тұлғалардың банктік шоттарын (дропперлер) пайдалану арқылы қылмыстық жолмен алынған ақша қаражаттарын аударумен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат беру.
Бүгінде ақпараттық технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Компьютерлер мен мобильді құрылғыларды кеңінен қолдану жаңа мүмкіндіктерге жол ашқанымен, киберқатерлер мен деректердің ұрлану қаупі де артып келеді.
Кураторлық сағат барысында студенттерге жеке ақпаратты сақтау, күрделі парольдер жасау, интернетте қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кибершабуылдардан қорғану жолдары бойынша пайдалы кеңестер берілді.