"Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар" кафедрасының білім беру бағдарламаларын стейкхолдерлермен талқылау
2026 жылғы 26 ақпанда "Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар" кафедрасында жұмыс берушілердің өкілдерімен (стейкхолдерлермен), БББ менеджерлерімен, білім алушылармен еңбек нарығының талаптарының өзгеруін және заманауи кәсіби үрдістерді ескере отырып, бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларын талқылауға және жаңартуға арналған онлайн форматта кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушылар кафедраның қолданыстағы білім беру бағдарламаларын қарастырып, түзетулер мен жаңартулар енгізу бойынша ұсыныстарды талқылады: түлектердің құзыреттерін нақтылау, пәндердің мазмұнын өзектендіру, практикаға бағытталған дайындықты күшейту, сондай-ақ серіктес кәсіпорындармен өзара іс-қимылды кеңейту.
Стейкхолдерлер түлектерді даярлаудың өндіріс пен IT саласының нақты міндеттеріне сәйкестігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен тілектерді айтты. Алынған ұсыныстар қарауға қабылданды және кафедраның білім беру бағдарламаларын одан әрі өзектендіру кезінде пайдаланылатын болады.
Қатысушылар (стейкхолдерлер) дайындық деңгейлері бойынша:
Бакалавриат:
6В07106 - Машина жасау; 6В07108 - Машина жасауда цифрлық технологиялар
Кузбаев Канат Мухаметканович, "Семей инжиниринг" АҚ техникалық бақылау бөлімінің басшысы.
6В07104 - Автоматтандыру және басқару
Жұмағажинов Асқар Төкешұлы, "Теплокоммунэнерго" ҒТО жетекші маманы.
6В06105 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету / Smart Computing; 6B06106 - SMART жүйелері және программалау
Зенкович Владимир Александрович, "Қазақ желілік ақпарат орталығы" мекемесінің техникалық бөлімінің басшысы.
Даурембекова Умыт Ергазыевна, "Семей инжиниринг" АҚ Ақпараттық технологиялар, байланыс және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы.
Магистратура:
7М07104 - Машина жасау
Кузбаев Канат Мухаметканович, "Семей инжиниринг" АҚ техникалық бақылау бөлімінің басшысы.
7М07102 - Автоматтандыру және басқару
Тұрғанбаев Асқар Жұмабекұлы, "KONDIZ DISTRIBUTION" ЖШС ҚИПиА инженері.
7М06101 - Информатика
"Title Agency" ЖК басшысы Бекенов Алишер Советқазыұлы
Докторантура:
8D07104 - Автоматтандыру және басқару
Тұрғанбаев Асқар Жұмабекұлы, "KONDIZ DISTRIBUTION" ЖШС ҚИПиА инженері.